⚡ Сергей Мирошниченко — «Ertis» хоккей клубының бас бапкері

30/06/2020

Павлодар өңірінің басты хоккей клубының бас бапкері болып Сергей Мирошниченко тағайындалды. Сергей Мирошниченко HK «Ertis» үшін жат адам емес, клубтың аңызға айналған ойыншысы және ұзақ жылдар бойы капитаны болған.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі Қазақстан жастар құрамасының сапында 1999 жылғы Виннипегте (Канада) өткен әлем чемпионатына қатысқан. Спорттық мансабын 1997 жылы өскемендік «Торпедо» қатарында бастаған. 2003-2005 жылдары «Горняк» (Рудный), 2005-2008жж «Казцинк-Торпедо» (Өскемен). Сонымен қатар, қарағандылық «Сарыарқа» сапында еліміздің чемпионы. Павлодарлық клуб сапында алты маусым өнер көрсетіп, үш мәрте Қазақстан чемпионы болған.

Өзінің бапкерлік қызметін «Торпедо-2009» балалар командасында бас бапкер болып бастап, кейіннен «Altaı Torpedo» командасында бас бапкердің көмекшісі ретінде қызметін атқарды. Өткен маусымда «Aqtóbe» хоккей клубының бас бапкері болған Сергей Мирошниченко, енді Ertis хоккей клубының бас бапкері.

Қош келдініз, капитан!

Сергей Мирошниченко — главный тренер HK «Ertis»

Новым главным тренером команды HK «Ertis» назначен не чужой для Павлодара человек, легенда и капитан клуба — Сергей Юрьевич Мирошниченко.

Сергей Мирошниченко является воспитанником усть-каменогорской школы хоккея. Выступал за молодёжную сборную Казахстана на чемпионате мира 1999 года в Виннипеге. Начинал профессиональную карьеру в 1997 году в составе «Торпедо». С 2003 по 2005 годы защищал цвета рудненского «Горняка». С 2005 по 2008 годы выступал в составе «Казцинк-Торпедо». Становился чемпионом Казахстана вместе с «Сарыаркой». Также провел семь сезонов в составе нашей команды, где трижды становился чемпионом страны.

Свою тренерскую карьеру Сергей Юрьевич начал детским тренером, возглавив команду «Торпедо-2009», далее, в качестве помощника главного тренера работал в «Altaı Torpedo». Также в прошлом сезоне он работал в качестве главного тренера в HK «Aqtóbe». Теперь Сергей Мирошниченко будет тренировать HK «Ertis».

С возвращением, капитан!